Өнеркәсіптік қауіпсіздік

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САРАПТАМАСЫ

 

 

өНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САРАПТАМАСЫ КІМГЕ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ?

промышленная безопасность
Түрлі үлгідегі технологияларды, құрылғыларды, механизмдер мен жабдықтардың материалдарын пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Кәсіпорындағы нормативтік қызмет ету мерзімін атқарған жабдықтар мен техникалық құрылғылар жүйелі түрдегі сараптаманы көздейді, бұл еңбекті қорғау және жұмыскерлер жұмысының қауіпсіз жағдайлардың кепілі болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын өткізу заңнамалы түрде «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188 Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы тексеру объектісі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларының өзінде көрсетілген қауіпсіз пайдаланудың барлық нормалары мен талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға мүмкіндік береді. Аталмыш процедура қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларды қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды пайдалануға рұқсат алу үшін қажет. Қолдануға рұқсатты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (ҚР ИДМ ИДжӨҚК) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органы береді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына мыналар жатады:
1) қауіпті техникалық құрылғылар;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда;
3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
4) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттары, технологиялық құрылыстары;
4) производственные здания, технологические сооружения опасных производственных объектов;
5) заңды тұлғалар, өтінім берілген жұмыс түрлеріне, аттестатты алу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестілігі;
Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын өтінім беруші-ұйымға тәуелді емес аттестатталған ұйымдар өтінім беруші – ұйым қаражаты есебінен жүргізеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын өткізудің нәтижесі сараптамалық қорытынды болып табылады.

ҚР-да өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы – міндетті түрдегі процедура және ол өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормалармен және қағидалармен реттеледі. Қауіпті кәсіпорындарда қолданылатын барлық жабдық сараптамадан өтуге міндетті.

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

охрана труда на предприятии
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті декларациялауына Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады. Бұл құжат өндірістегі төтенше жағдайлардың барлық ықтимал көлемдері мен сипаттарының анықтамасын және оларды алдын алу мен жою бойынша ұсыныстарды қамтуы тиіс.

Декларацияны жұмыс орнында қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін және қауіпсіздік техникасының сақталуын растау үшін құрастырады. Әдетте, оның ішінде негізгі қауіп-қатер көздері туралы деректер, сондай-ақ кәсіпорынның ықтмал төтенше жағдайға дайындық деңгейі туралы мәліметтер көрсетіледі. Мұндай үлгідегі техникалық құжаттаманы әзірлеу сараптамадан өтуге тиесілі, ол, өз кезегінде, оны заңнамалық талаптар тұрғысында бағалайтын болады.

Кейбір жеке жағдайларда кәсіпорынға қайталама декларация әзірлеу талап етіледі. Мысалы, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін шарттардың өзгеруі, өндірістік объектіні жаңғырту және қайта бейіндеу, декаларацияда көрсетілген мәліметтер мен нақты мәліметтердің сәйкес келмеуін анықтаған қадағалау органының қаулысы болуы мүмкін.

Құжаттың құрамында міндетті түрде бірқатар мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • апаттардың пайда болу қауіп-қатерінің талдауы
  • апаттың пайда болуының қатері
  • қауіпті жағдайларды жою үшін қабылданған шаралардың талдауы
  • апатты және оның салдарын жоюға қатысты дайындық кезіндегі шаралар
  • әлеуетті апаттардың ауқымын төмендететін және нұқсанды азайтатын шаралардың тізбесі

Декларация үш кезеңмен әзірленеді:

  • Декларация материалдарын әзірлеу. Бұл түгел жоба бойынша құжаттаманың бөлек тарауы. Ол құрылысқа, қайта құруға, кеңейтуге, күрделі жөндеуге, консервациялауға, жоюға, жаңғыртуға, өндірісті қайта жабдықтауға қатысты құжаттамада міндетті түрде болуы тиіс.
  • Тәуелсіз сараптама жүргізу. Бұл кезеңнің мақсаты ҚР-дағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде заңнама талаптары мен істердің шынайы жағдайы арасындағы сәйкестікті анықтау, сондай-ақ әлеуетті қауіп-қатерді дұрыс бағалау үшін жүргізіледі.
  • Сараптама қорытындысын келісу. Кәсіпорын басшысымен келісілгеннен кейін, декларация Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде (ҚР ИДМ ИДжӨҚК) тіркеледі.

Республика заңдарына сәйкес, Қазақстанда техникалық құжаттаманы әзірлеу міндетті түрде сараптамадан өту тиіс. Оны тиісті рұқсаты бар ұйым ғана орындай алады. Біздің компания өнеркәсіп объектілерінің сараптамасы мен тексерісін ең қысқа мерзімде жүзеге асырады. Бізде аталмыш қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен берілген (ҚР ИДМ ИДжӨҚК) аттестат бар.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САРАПТАМАСЫ

организация охраны труда на предприятии
Құрылғылардың техникалық диагностикасы өз алдына объектінің жай-күйін анықтау болып табылады. Ол қауіпсіз жұмыстың есептік кезеңі аяқталғаннан кейін, не болмаса құрылғының қызмет ету мерзімі аяқталған кезде, сондай-ақ апаттан кейін ақаулар немесе бұзушылықтар анықталған кезде жүргізіледі.

Біздің компания техникалық құрылғылар мен конструкциялардың техникалық диагностикасын жүргізеді:

  • жүк көтергіш крандарды, құрылыс пен механизмдерді сараптамалық тексеру
  • бу мен ыстық су құбыр өткізгіштері
  • бу қазандықтары
  • газбен жабдықтау жүйесі
  • өртке, жарылу қаупі бар, химиялық өндірістердің жабдықтары
  • резервуарларды тексеру
  • қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді куәландыру

Бұзылмайтын бақылау (ағылшын тілінен аударғанда – NDT,  nondestructive testing) – бұл бүкіл объектіні жұмыстан (пайдаланудан) шығармастан, құрылымдардың, объектінің немесе жеке тораптарының параметрлері мен қасиеттерінің беріктігін тексеру, бақылау, бағалау. Бұзылмайтын бақылаудың (ББ) диагностиканың өзге түрлерінен негізгі айырмашылығы және басым артықшылығы бүкіл жүйе жұмысының тоқтатылуын, демонтаждауды, үлгілердің қиындысын көздемейтін бақылау тәсілдерін пайдалана отырып, объектінің параметрлері мен жұмыс қасиеттерін бағалау мүмкіндігі болып табылады. Зерттеу тікелей эксплуатациялау жағдайында жүргізіледі. Бұл ішінара материалдық және уақыт жағынан шығындарды азайтуға, бақыланатын объектінің беріктігін арттыруға жол береді.
Бұзылмайтын бақылаудың арқасында қауіпті және ұсақ ақаулар анықталады: зауыттық олқылық, ішкі кернеу, жарықшақ, ұсақ тесіктер, қуыстар, қатпарлану, іске қосылу және соның ішінде, коррозия процестерінен туындаған көптеген өзге кемшіліктер.
Біз техникалық жай-күйді тексеру бойынша бұзылмайтын бақылау әдісін қолданамыз:

  • Визуалды және өлшем бақылауы;
  • дыбыстық қаттылықты өлшеу және қалыңдықты өлшеу;
  • Вакуумдық әдіс: тура ақауларды анықтау (жарықшақ, қаяу және т.б.);
  • Магниттік ұнтақты әдіс: үстіңгі және оның астындағы ақауларды анықтау;
  • Капиллярлық әдіс: үстіңгі және тура ақауларды анықтау.

Біздің компания құрамында аккредителген сынақ зертханасы бар. «Кен Айдан» ЖШС Қазақстан Республикасы Аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСОМЭК талаптарына сәйкес келуіне аккредиттелген, Аккредиттеу аттестаты №KZ.Т.13.1902.
Сонымен бірге, біз өрт және эвакуациялық сатыларды, қауіпсіздендіретін және сақтандыратын белбеулерді сынаумен айналысамыз. Осы жұмыс істеген уақытқа дейін өзімізді міндеттемелерін үнемі уақытылы орындайтын сенімді серіктес ретінде таныттық.
Өнеркәсіптік құрылыстар мен тұрғын үй ғимараттары олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мақсаттағы құрылымдармен жабдықталуы тиіс. Стационарлық сыртқы сатылар, олар тиісті дәрежеде сақталуы тиіс, өрт немесе түтін шығу анықталған жағдайда ғимаратқа өрт және құтқару командалары қауіпсіз және еркін кіруі үшін, ішіндегі персонал мен адамдарды эвакуациялау үшін пайдаланылады. Өрт сатылары мен қоршауларын сынау аталмыш жабдықтың тиісті жай-күйін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені олар, әдетте, өртке қарсы қорғау құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша түрлі техникалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін қосымша құрылғы ретінде қолданылады.

Хат жолдау