қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға арналған құжаттама

Жабдықтың паспорты – бұл техникалық үлгідегі құжат, бұйым туралы барлық ақпаратты қамтиды. Шығарылатын өнімнің әрбір данасына оның толық сиипаттамасы көрсетілген жеке техникалық паспорт көзделген. Бұл үлгідегі құжаттарды ресімдеу нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі және қатаң түрде міндетті болып табылады.

Технологиялық регламент —технологиялық процесс операцияларын жүргізу режимдері мен тәртібін белгілейтін негізгі техникалық құжат. Технологиялық регламенттің барлық талаптарын сақтау міндетті болып табылады және шығарылатын өнімнің тиісті сапасын, өндірістік процесті ұтымды және үнемді жүргізуді, жабдықтың сақталуын және жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Өндірістік бақылау — бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды қамтитын іс-шаралар кешені. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жұмыскерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің тәуекелін бар мүмкіндігінше азайту мақсатында жүзеге асырады.

Хат жолдау