өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ 76-бабына сәйкес

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға қауіпті өндірістік объектілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады.

2. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi – декларация) жобаланатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өндірістік объектілер үшін әзірленеді.

3. Декларация әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым декларация әзірлеу құқығын беретін аттестат болған кезде дербес не декларация әзірлеу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.

4. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.

Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы декларацияның уақтылы ұсынылуына, онда қамтылған мәлiметтердiң толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

5. Декларацияны әзірлеу құқығын беретін аттестатталған ұйымда декларация сараптама жасалуға жатады.

6. Декларацияға тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанында өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының сканерленген көшірмесімен бірге береді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.
7. Қауiптi өндірістік объектiнi өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.

8. Тіркелген декларациялардың тізбесі  Тіркелген декларациялардың тізбесі интернет-ресурсында орналастырылады.

9. Қауіпті өндірістік объектіні жаңғырту немесе қайта бейіндеу жағдайларын қоса алғанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда, декларация өзгертілуге жатады.

Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сараптама жүргізілуге және тіркелуге жатады.

Хат жолдау