Жұмыс орындарын аттестациялау

Біздің компания құрамында аккредителген сынақ зертханасы бар. «Кен Айдан» ЖШС Қазақстан Республикасы Аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСОМЭК талаптарына сәйкес келуіне аккредиттелген, Аккредиттеу аттестаты №KZ.Т.13.1902.

ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУ

Еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау туралы түсінік

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің еңбек жағдайын қадағалауға және бар болған бұзушылықтарды жоюға немесе оларды барынша азайтуға ұмтылуға міндетті. Бұл үшін орындалатын шаралар кешенін жұмыс орнын аттестаттау деп атайды.

Жұмыс орнын аттестаттау кәсіпорын жұмыскерлерінің олардың жұмыс орындарында, тұрақты немесе уақытша, еңбек жағдайларын тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Ол жұмыс орнында қауіпті немесе зиян келтіретін факторларды анықтау, сондай-ақ еңбек жағдайларын оларға қойылатын мемлекеттік талаптармен салыстыру мақсатында жүргізілді. Аттестаттауды ұйымдастыру мен жүргізудің құқықтық нормалары Қазақстанның Еңбек кодексінің 37-бабымен реттеледі. Бұл процедура барлық дерлік жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылады. Аттестаттауды ұйымдастыруға сол кәсіпорынның басшылары, кәсіби одақтар, уәкілетті жұмыскерлермен бірге жауапты болады, не болмаса тиісті біліктілігі мен мамандандырылуы бар сыртқы ұйымдар көмегімен жүзеге асырылады.

Бағалау объектілері өндірістің денсаулық пен өмір үшін зиянды және қауіпті факторлар, жарақаттану деңгейі, жабдықтардың, механизмдердің, аспаптардың техникалық жай-күйі болып табылады. Аттестаттау процесінде өмір мен денсаулық үшін зиян келтіретін және қауіпті факторлардың бар болуы анықталады, жұмыскердің жұмыс орнының жай-күйі, еңбек жағдайлары, атап айтқанда, оның қауырттылығы мен ауырлығы бағаланады. Нәтижесінде, анықталған қателер мен кемшіліктерді жою бойынша міндеттерді айқындауға, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын тиісті нормаларға және талаптарға сай келтіруге мүмкіндік беріледі.

Аттестаттау қатаң нормалар мен қағидалар бойынша өтетін болғандықтан, оларды сақтамау және оны өткізудегі бұзушылықтар – әкімшілік құқықбұзушылық деп есептеледі және ол айыппұл санкцияларымен жазаланады. Аттестаттауға, егер олардың оған рұқсаты бар болса, компанияның штаттық қызметкерлері, не болмаса тиісті лицензиясы бар сыртқы ұйымдар қатысуы мүмкін. Біз, еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (ҚР) сынды қызметті ұсынамыз. Біздің мамандарымыздың процедураны өткізу үшін тиісті лицензиялары мен тәжірибелері бар.

Аттестаттауды өткізу тәртібі

Аттестаттауды өткізу мерзімдері кәсіпорынның өзінде еңбек жағдайлары негізінде белгіленеді, бірақ бес жылда бір реттен кем емес. Кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда өткізілуі мүмкін:

  • кәсіпорынды қайта құру
  • кәсіпорынды жаңғырту
  • жұмыс орнында жаңа жабдықтар орнату

Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестаттау бірнеше кезеңмен өткізіледі. Алдымен жұмыс орындарында және жалпы жұмыс аймағында қауіпті және зиян келтіретін факторлардың маңызы анықталады. Сөйтіп, мыналар зерттеледі:

  • өндірістегі шудың деңгейі
  • жұмыс орнының жабдықталуы
  • вибрация деңгейі
  • микроклимат
  • жұмыс аймағының ауасы
  • электр және электрстатикалық өрістердің кернеулігі
  • гамма-сәулелену

Екінші кезеңде жұмыскерлердің еңбек жағдайын, жұмыс орнындағы қауырттылық пен ауырлықты бағалау жүргізіледі. Жұмыс жағдайы бойынша жұмыс орнында аттестаттау жұмыс орнындағы жарақаттану деңгейін есепке алады, машиналар, техника, құрылғылар, механизмдердің қаншалықты қауіпсіз екенін талдайды. Бұл деректердің негізінде еңбек жағдайының ахуалы және еңбек процесінің қауырттылығы бағаланады. Өндірістің жеке ұжымдық қорғану құралдарымен – газтұтқыштармен, респираторлармен, өртсөндіргіштермен және т.б. жабдықталуын тексеру бөлек тармақ болып табылады.

Аттестаттауды өткізу тәртібі келесідей:

  • жұмыс ортасының физикалық факторларын өлшеу
  • сауалнамалар көмегімен, жұмыс процесін бақылау және ішкі кодексті істердің нақты жағдайымен салыстыру арқылы еңбектің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау
  • жұмыскерлердің жұмыс орындарының жарақаттану қауіпсіздігін бағалау
  • қолданыстағы құжаттаманың өзектілігін, заңдардың сақталуын және тиімділігін бағалау
  • алдын ала есепті құрастыру
  • алдын ала есеп басшылыққа барлық анықталған қателер және кемшіліктермен танысуға мүмкіндік береді. Егер олардың кейбіреулері елеусіз болса және оларды ең қысқа мерзімде түзетуге мүмкіндік болса, ол нәтижелерді қайта қарауды талап етуге құқылы.
  • қорытынды құжаттама қателер жойылғаннан кейін ресімделеді және басшылыққа ұсынылады

Аты аталған барлық осы көрсеткіштер жұмыс процесін оңтайландыруға, оны заңдар талабына сәйкестендіруге, сондай-ақ жұмыскерлердің өнімділігін арттыруға жол береді.

жұмыс орындарын аттестаттауды өткізудің артықшылығы

ҚР-да жұмыс орындарын аттестаттаудың бірқатар артықшылығы бар, олар еңбек процесін ұйымдастыруға оң ықпал етеді:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін орындау
  • Заңдар талаптарының істердің шынайы жағдайына сәйкес келуіне көз жеткізу мүмкіндігі
  • Жабдықтың кері әсеріне объективті баға беру және еңбек процесін оңтайландыру шараларын таңдау мүмкіндігі. Нәтижесінде – жарақаттар мен кәсіби аурулар қауіп-қатерін азайту.
  • Апаттар және жазатайым оқиғалар немесе жұмыскерлерде кәсіби аурудың өршеленуі салдарынан өтемақыларға шығындарды қысқарту немес алдын алу мүмкіндігі
  • Жаңа жұмыс істейтін бағыттарды әзірлеуге және өндірістегі еңбекті қорғау жүйесін жетілдіруге жол береді
  • Қадағалау органдары, қоғамдық ұйымдар мен жұмыскерлердің өздерінің бейілділігін арттыру мүмкіндігі
  • Жұмыс орындарының аттестаттауын өткізу айыппұлдарды төлеуге шығындарды, апаттың, жазатайым оқиғалардың және физикалық фактордың ықпалына байланысты өзге де жағдайлардың салдарын жоюға шығындарды қысқартуға жол береді.
  • Тендерлер, конкурстар өткізу кезінде басым түсу мүмкіндігі
  • Компания имиджін арттыру мүмкіндігі

аттестаттауды өткізу процесі

Жұмыс орындарының жағдайын талдау үшін барлық қажеттілер белгілі жағдай кезінде және өлшемдер негізінде айқындалады, мында физикалық, психофизиологиялық, химиялық көрсеткіштер де енеді. Сол немесе өзге фактордың ықпалын талдау үшін, оның адамға тәулік бойғы іс-әрекетін бақылау керек. Алынған өлшемдер хаттамаға тіркеледі. Аттестаттауды өткізетін команда басшылыққа алатын басты құжат – «Өнеркәсіптегі еңбек гигиенасы бойынша санитарлық ережелер және нормалар» және «Еңбекті бағалау және жіктеудің гигиеналық критерийлері».

Ауа сынамалары тұрақты және уақытша жұмыс орындарында тыныс алу аймақтарынан алынады. Микроклимат параметрлері ауадағы зиянды заттар өлшемдерімен бірге өлшенеді. Үш сынама алынады, олардың ішінен хаттамаға максималды мәні енгізіледі. Өлшемдер үшін қолданылатын барлық өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік тексеруден өтуі тиіс.

Қазақстандағы жұмыс орындарының аттестаттауы жабдықтар мен машиналардың жарақаттауын және жарақат қауіпсіздігін қамтиды. Есептеулер соңғы 5 жыл ішіндегі жарақатталғандар саны негізінде жүргізіледі. Құрылғылар мен механизмдердің жарақат қауіпсіздігін бағалау үшін жабдықтың олардың эксплуатациясын реттейтін техникалық паспорттар мен құқықтық актілерге сәйкестілігін тексереді. Одан басқа, жеке және ұжымдық қорғану құралдарының бар болуы және олардың еңбек жағдайына сәйкестілігі де бақыланады. Аталмыш критерийдің бағалауы барлық жұмыскерлерге арнайы киім мен аяқ киімді және т.б. тегін беру бойынша ЖҚҚ нормалары негізінде құрылады. Желдеткіш жүйелері міндетті паспорттаудан өтеді және әрі қарай МЕМСТ және ҚР Бас санитарлық дәрігермен бекітілген Әдістемелік нұсқаулар талаптарына сәйкес келуіне бақыланады. Әр өндірістік объект үшін кәсіби қатер сыныбы белгіленеді.

аттестаттау нәтижелерін пайдалану мақсаттары

Аттестаттауды өткізгеннен кейін, алынған нәтижелер жалпы қорытынды есеп түрінде ресімделеді және кәсіпорын басшылығына ұсынылады. Әрі қарай олар келесі мақсатта пайдалануы мүмкін:

    • еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту үшін
    • жұмыс орындарын нормаларға, актілерге және талаптарға сәйкес келтіру
    • өндірістік орта жағдайы мен еңбек қауіпсіздігін бағалау
    • жұмыскерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыздығын анықтау
    • жұмыстың зиянды жағдайларда жүргізілу фактісін растау және аурулардың жұмыс жағдайымен байлынысын анықтау
    • жұмыс технологиясын өзгерту және/немесе кәсіпорынды еңбектің қолайсыз жағдайларына байланысты жабу
    • жұмыскерге физикалық нұқсанды өтеу мүмкіндігі кезінде сақтандыру тарифін анықтау үшін
    • еңбекақыны негіздеу және жұмыскерлерге жеңілдіктер ұсыну үшін
    • жұмыскерлерге және жұртышылыққа, тексеруші инстанцияларға еңбек жағдайы туралы ақпаратты ұсыну үшін

Жұмыс орындарын аттестаттауды ұйымдастыру тәжірибелі және жоғары білікті қызметкерлермен жүргізілуі тиіс. Біз кәсіпорынның мамандандырылуын ескере отырып, сізге аттестаттауды өткізуге көмектесеміз.

Хат жолдау