аварияны жою жоспарын әзірлеу

  1. Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
  2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша шаралар, басшылар мен жұмыскерлердің, авариялық-құтқару қызметкерлері және құрылымдардың іс-әрекеттері көзделеді.
  3. Аварияларды жою жоспары келесілерді қамтиды:
    1. жедел бөлім;
    2. аварияны жоюға қатысатын жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, іс-әрекеттердің реттілігі;
    3. авария жағдайында хабар берілетін және оны жоюға қатысатын лауазымдық тұлғалар мен мекемелердің тізімі.
  4. Аварияларды жою жоспары ұйым басшысымен бекітіледі және кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құрылымдарымен келісіледі.
Хат жолдау