еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттесТаттау
зертханалық-аспаптық өлшеу
Жұмыстың қолайсыз жағдайлары жұмыскерлерде кәсіби аурулардың өршуіне, сондай-ақ өздерін нашар сезіну жағдайларының туындауына себепші болуы мүмкін. Зертханалық-аспаптық зерттеулер мен өлшеулерді жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын бақылау мақсатында өткізеді. Еңбек жағдайын бақылау барлық деңгейлі және барлық үлгідегі кәсіпорындарда жүргізілуі тиіс. Біздің компанияның тиімді қызметті және заңнамалық және санитарлық нормалар мен ережелер талаптарының сақталуын жүзеге асыру үшін өлшеулер мен зерттеулердің алуан түрлерін өткізуге мүмкіндік беретін техникалық жабдықтарға ие.
Өлшемдерді жүргізу кезінде жұмыс процесіне және жұмыскерлердің жай-күйіне әсер ететін бірқатар факторлар ескеріледі, сондай-ақ өндірісте апаттар мен бұзылудың себептері болуы мүмкін факторлар да есепке алынады.
Зертханалық-аспаптық өлшеулер не үшін жүргізіледі:
- өндірістегі қауіпті және зиян келтіретін факторларды уақытылы анықтау үшін
- еңбек жағдайын жақсарту жөнінде шараларды әзірлеу
- зиянды факторлардың сапасы мен санын бағалау үшін
- жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өндірістік процесті тоқтату үшін
- нормаларға сәйкес келмейтін еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге жеңілдіктер мен өтемақы сомаларын негіздеу және ұсыну үшін
Біз мынадай зертханалық-аспаптық өлшеулерді жүргіземіз:
- Өндірістік ортадағы зиянды және қауіпті факторлардың деңгейі:
- микроклимат
- ылғалдылығы
- температура
- ауа ағынының жылдамдығы
- зиянды заттардың концентрациясы
- металдар және олардың қосылыстарының массалық концентрациясы
- шаң
- Жұмыс аймағының және өнеркәсіп алаңының ауасы:
- микроклимат
- ылғалдылығы
- ауа температурасы
- шаң
- ауа ағынының жылдамдығы
- заттардың массалық концентрациясы
- металдар және олардың қосылыстарының массалық концентрациясы
- Физикалық факторлар
- электростатикалық өрістер
- электростатикалық өрістер
- жабдықталуы
- Электромагниттік өрістердің деңгейі:
- статикалық электрдің деңгейі
- электр өрістері кернеулігінің деңгейі
- электромагниттік сәулелену деңгейі
- тоқ үйкелісі кернеулігінің деңгейі
- Физиологиялық параметрлер:
- Еңбек процесінің қауырттылығы мен ауырлығын бағалау көрсеткіштері
- жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігін бағалау
- жұмыс орындарының қамтамасыздығын бағалау
- Шудың деңгейі:
- дыбыстық қысымның деңгейі
- дыбыстың баламалы деңгейі
Алынған деректердің негізінде есеп құрастырылады, ол еңбек жағдайларының заң нормалары мен санитарлық нормалар ережелеріне сәйкестілігін талдауға жол береді. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, есеп негізінде оларды өзгерту жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленеді, не болмаса жеңілдіктер мен өтемақы сомалары есептеледі.
бұзылмайтын бақылау және диагностика
Бұзылмайтын бақылау — оны демонтаждаусыз және аспапты жұмыстан шығармастан объект жұмысының немесе оның жеке элементтерінің беріктігін, жұмысқа қабілеттілігін тексеру. Оның бақылаудың бұзушы түрінен басты айырмашылығы да осында, өйткені бұзушы бақылау түрі жұмыс процесін бір мезгілге тоқтатып қояды. Біздің компаниямен жүргізілетін бұзылмайтын бақылаудың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
- Дәнекерлеу қосылыстары мен металл тұтастығын тексеру — визуалды және өлшеу бақылауы, жіктерді тексеру
- Бақылаудың вакуумдық әдісі — тура ақаулардың, яғни, қаяуларды, жарықшақтарды және т.б. анықтау
- Ультрадыбыстық бақылау — дәнекерлеу қосылыстарында ақауларды анықтау, қалыңдықты өлшеу
- Магниттік-ұнтақты әдіс — үстіңгі және оның астындағы зақымдауларды анықтау
- Капиллярлық әдіс — тура және үстіңгі ақаулар анықталады
- Қаттылықты өлшеу — Виккерс, Роквелл, Бринелль бойынша қаттылық мөлшерлерінің бақылауы жүргізіледі
ҚР-дағы бұзылмайтын бақылау – жаппай технологиялық операция, ол кәсіпорындағы қауіпсіз және тиімді жұмыстың кепілі болып табылады. Анағұрлым жиі пайдаланылатын әдістер – магниттік-ұнтақты және ультрадыбыстық.
Радиациялық сирек қолданылады, алайда ол металдардың үлкен қалыңдықтарын, сонымен бірге басқа тәсілдермен, мысалы, композиттер, диагностикаға нашар берілетін материалдарды бақылауға жол береді.
Бұзылмайтын бақылаудың барлық әдістері зор функционалдық мүмкіндіктерге ие және маңызды процедура болып табылады. Бұл бақылауды өткізетін мамандар міндетті түрде мемлекеттің заңнамалық актілеріне сәйкес аттестатталуы тиіс.
Мамандардың аттестатталуы қызметкерлердің құзыреттіліктерін растау үшін және оларға зерттеу жүргізуге рұқсат беру үшін өткізіледі. Біздің мамандарымыздың біліктілігі көптеген сертификаттармен расталады.
Өрт сатылары мен қоршауларды сынау
Кез келген ғимарат, құрылыс өрт сатыларымен және төбе жабындарының қоршауларымен жабдықталады. Олардың кез келген уақытта техникалық жарамдылығы – адам қауіпсіздігінің, тіпті, өмірлерінің кепілі. Дәл осылар өрт шыққан жағдайда, өрт сөндірушілерге ішке кіруге, ал ішіндегі адамдарға – эвакуациялау жолдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Және де нақты осы мақсатта сатылар мен қоршаулардың сынағы жүргзіледі.
Заңнамалық түрде тексеріс «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»
Техникалық регламент талаптарымен реттеледі. Олар мына жағдайда жүргізіледі:
- ғимаратты пайдалануға тапсыру кезінде
- өзге жағдайда әр бес жыл сайын
Өрт қоршаулары мен сатыларды сынау – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті шарасы. Оларды ұдайы жарамды жай-күйінде ұстау – міндетті шарт. Және де сынақтар мен тексерістерді мамандар жүргізуі тиіс. Біздің компания МЕМСТ талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген.
Тексеруге тиісті элементтерге мыналар жатады:
- сатылар
- бағандар
- қоршаулар
- саты басқыштары
- марштар
- алаңдар
- сатылардың ғимаратқа бекітілуі
- өңдеулер
Уақытылы өткізу – сынақтардың басты критерийі осы. Өрт сатысы төтенше жағдай кезінде адамның өмірін құтқаруы мүмкін және құтқарушылардың қауіп ошағына қолжетімділікті оңайлатуға мүмкіндік береді. Сынаққа жататын элементтер нормативтік жүктелемерге шыдауы тиіс, берік бекіткіштері болуы тиіс. Біз құрылымның сапасына және коррозияға қарсы жабындардың бар болуына, зақымдаулардың, жарықшақтардың, ақаулардың болмауына ерекше назар аударамыз. Сыртқы қоршаулардың сынағын біз жылдың кез келген мезгілінде жүргізе аламыз. Жұмысты өткізгеннен кейін, сіз олардың жүргізілу хаттамасын және сатылар мен қоршаулардың жай-күйі туралы толық есеп аласыз.
Сақтандыру белбеулерінің сынағы жүйелі түрде, не болмаса оларды пайдалануға тапсыру-қабылдау кезінде жүргізіледі. Біз оларды сынаудың мынадай түрлерін өткіземіз:
- белбеулерді сыртқы тексеру
- өлшемдерін тексеру
- салмағын тексеру
- белбеулерді МЕСТ талаптарына сәйкес сынау
Монтаждаушылар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, өнеркәсіптік альпинистер — бұлардың барлығы өз жұмысында сақтандыру белбеулерін қолданады, олар белбеулерді пайдалануда сенімді болуы тиіс. Белбеулерді тексеру МЕМСТ талаптарына сәйкес жылына бір реттен кем емес жүргізілуі тиіс.
Монтаждаушылар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, өнеркәсіптік альпинистер — бұлардың барлығы өз жұмысында сақтандыру белбеулерін қолданады, олар белбеулерді пайдалануда сенімді болуы тиіс. Белбеулерді тексеру МЕМСТ талаптарына сәйкес жылына бір реттен кем емес жүргізілуі тиіс.