- Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
- Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша шаралар, басшылар мен жұмыскерлердің, авариялық-құтқару қызметкерлері және құрылымдардың іс-әрекеттері көзделеді.
- Аварияларды жою жоспары келесілерді қамтиды:
- жедел бөлім;
- аварияны жоюға қатысатын жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, іс-әрекеттердің реттілігі;
- авария жағдайында хабар берілетін және оны жоюға қатысатын лауазымдық тұлғалар мен мекемелердің тізімі.
- Аварияларды жою жоспары ұйым басшысымен бекітіледі және кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құрылымдарымен келісіледі.