өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптама

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар:

-Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;

-өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды зерттеп-қарау мен диагностикалауды жүргізуге;

-қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларға техникалық куәландыруды жүргізуге;

-қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларға оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізуге міндетті.

-Пайдалануға рұқсат – бұл Рұқсатта көрсетілген өнім Қазақстанның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және Қазақстанда қолданылуы және эксплуатациялануы мүмкін екендігін куәландыратын құжат. Аталмыш құжатты «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті»

Республикалық мемлекеттік мекемесі береді.

Өндірістік ғимараттарды зерттеп-қарау және диагностикалау – конструкциядағы ақауларды анықтауға және ғимараттың немесе құрылыстың техникалық жай-күйін айқындауға бағытталған процедура. Бағалау жай-күйін бақылау және жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Диагностикалауға жататын ғимараттар мен құрылыстарға мыналар жатады: өндірістік алаңдар, учаскелер, цехтер және қоймалар; жерасты және жерүсті темірбетон резервуарлары; газ үлестіру пунктінің ғимараттары; қазандықтар және т.б.

Басшылық зерттеп-қарауды неліктен өткізуі тиіс екенін көрсететін себептер:

  • Объект беріктігінің тым болмаса бір көрсеткішінің бұзылуы (оның іргетасының, тіреу қабырғалары және т.б.) апаттарға (адамдардың құрбан болуына және артық шығындарға) әкеп соқтыруы мүмкін.
  • Аталмыш процедура қауіпті өндірістік объектілер үшін міндетті болып табылады;
  • Зерттеп-қарау нәтижелері негізінде жасалады және бекітіледі.

Көрсеткіштер (параметрлер) сәйкес келген кезде және зерттеп-қарау нормативтік-құқықтық актілерге сай дұрыс жүргізілген жағдайда, өнеркәсіптік сараптаманың оң сараптама қорытындысы беріледі.

Жабдықты және техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру – техникалық жай-күйін, жабдықты қауіпсіз пайдалану және әрі қарай қызмет көрсету мүмкіндігін анықтау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жиілікпен және мерзімде өткізілетін жабдықты және техникалық құрылғыларды сыртқы және ішкі тексеріп қарау.

Жабдықты техникалық куәландыру түрлері және оның жүргізілетін мерзімдері

Техникалық куәландыру:

  • бастапқы;
  • мерзімді;
  • кезектен тыс,

сондай-ақ:

  • ішінара
  • толық деп бөлінеді.

бастапқы техникалық куәландыру

Бастапқы техникалық куәландыру техникалық құрылғы қауіпсіздік ережелеріне және оны тіркеу кезінде ұсынылған құжаттарға сәйкес дұрыс орнатылғанын, сондай-ақ техникалық құрылғының оны тасымалдау және монтаждау кезінде ақаулар пайда болмағанын растау мақсатында жүргізіледі.

мерзімді және кезектен тыс техникалық куәландыру

Мерзімді және кезектен тыс техникалық куәландыру техникалық құрылғының жарамдылығын және оның белгіленген (нормативтік) қызмет ету мерзімі шегінде әрі қарай жұмыс істеу мүмкіндігін анықтауға жол береді. Техникалық куәландыруды жүргізген кезде бұзылмайтын бақылау әдістерін қолдануға рұқсат етілген.

Техникалық куәландырудың мерзімділігі өнеркәсіптің саласына, қолданылу аясына, сондай-ақ жабдықтың үлгісіне байланысты тиісті қауіпсіздік ережелерімен және нормаларымен айқындалады.

техникалық куәландыру ОБЪЕКТілері

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес техникалық куәландыруды мынадай объектілер үшін жүргізу қажет:

  • жүк көтергіш механизмдер;
  • бу және су жылытатын қазандықтар;
  • қысыммен жұмыс істейтін түтіктер;
  • бу және ыстық судың құбыр өткізгіштері;
  • резервуарлар, технологиялық құбыр өткізгіштер, газ құбырлары;
  • өнеркәсіптік түтін және желдету құбырлары;
  • лифтілер және эскалаторлар;
  • ғимараттар мен құрылыстар.

техникалық куәландыру кезіндегі жұмыс құрылымы

Техникалық куәландыру мынадай реттілікпен жүргізіледі:

  • техникалық құжаттаманы тексеру және бағалау;
  • сыртқы және ішкі тексеріп қарау;
  • бұзылмайтын бақылау жүргізу (ақаулардың болуына күдік туындаған кезде);
  • гидравликалық сынақ.

техникалық куәландыру нәтижелері

Техникалық куәландырудың қорытындысы жұмыстың рұқсат етілген параметрлері және келесі кәуаландыру мерзімдерінің көрсетілуімен техникалық құрылғының паспортына енгізілген жазба болып табылады, оны техникалық куәландыруды жүргізген адам енгізеді.

Қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен көтергіш құрылыстардың техникалық диагностикалауын оларды әрі қарай пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі және мыналарды анықтайтын құжат болып табылады:

— диагностикалау кезіндегі көтергіш құрылыстың (кран) техникалық жай-күйі;

— кранның оның техникалық параметрлеріне сәйкес жұмысқа қабілеттілігі;

— кезекті тексеріп қарауға дейінгі кранды әрі қарай пайдалану мүмкіндігі және шарттары.

Хат жолдау